Өскемендегі кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған түрмеден үш тұтқын қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған түрмеден үш тұтқын қашып кетті

Өскемендегі кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған түрмеден үш тұтқын қашып кетті

Өскемендегі кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған ОВ 156/22 түзету мекемесінен үш тұтқын қашып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Қамаудағылар 19-қыркүйек, жексенбіде қашып кеткен.

Оларды ұстауға бағытталған шұғыл іздестіру шаралары жүзеге асырылуда. Шараға ҚР әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мен ҚР ІІМ-нің ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.
Түрмеден қашу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру басталды.