Өскемендегі халықаралық форумда жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) бастамасымен «Постиндустриалдық әлем: Шығыс пен Батыстың диалогындағы ғылым» деген тақырыптағы халықаралық жастар форумында жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі. |
«Құрылған кеңестің басты мақсаты – жаңа идеялар, инновациялар мен технологиялар ұсынушы жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру», - деп мәлім етті ШҚМУ ректоры Бейбіт Мамыраев бейсенбі күні.
Қабылданған резолюцияда «С. Аманжолов ат. ШҚМУ-дің жас ғалымдардың Еуразиялық клубын құру туралы бастамасын қолдау» қажеттігі, «клуб Еуразия елдерінің ғылыми тұжырымдамаларын қарқынды дамыту, халықаралық ғылыми мектептерін құру және мәдени-тарихи байланыстарын нығайту үшін Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия елдері ғалымдарының жаңа буын өкілдерінің қоғамына айналады» делінген.
Клуб шекаралас 4 мемлекеттің мүдделеріне қатысты проблемаларды шешеді: биоалуандылық, трансшекаралық аумақтар мен өзендер, экология, жер қойнауын пайдалану, металлургия, туризмді дамыту.
Б. Мамыраевтың айтуынша, келесі кезең – шекаралас мемлекеттер ректорларының кеңесін құру, ол ғылыми интеграцияны дамытуға бағытталған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін