Өскемендегі халықаралық форумда жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі халықаралық форумда жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды

Өскемендегі халықаралық форумда жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) бастамасымен «Постиндустриалдық әлем: Шығыс пен Батыстың диалогындағы ғылым» деген тақырыптағы халықаралық жастар форумында жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 23 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Құрылған кеңестің басты мақсаты – жаңа идеялар, инновациялар мен технологиялар ұсынушы жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру», — деп мәлім етті ШҚМУ ректоры Бейбіт Мамыраев бейсенбі күні.

Қабылданған резолюцияда «С. Аманжолов ат. ШҚМУ-дің жас ғалымдардың Еуразиялық клубын құру туралы бастамасын қолдау» қажеттігі, «клуб Еуразия елдерінің ғылыми тұжырымдамаларын қарқынды дамыту, халықаралық ғылыми мектептерін құру және мәдени-тарихи байланыстарын нығайту үшін Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия елдері ғалымдарының жаңа буын өкілдерінің қоғамына айналады» делінген.

Клуб шекаралас 4 мемлекеттің мүдделеріне қатысты проблемаларды шешеді: биоалуандылық, трансшекаралық аумақтар мен өзендер, экология, жер қойнауын пайдалану, металлургия, туризмді дамыту.

Б. Мамыраевтың айтуынша, келесі кезең – шекаралас мемлекеттер ректорларының кеңесін құру, ол ғылыми интеграцияны дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар