Caravan Logo

Өскемендегі халықаралық форумда жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды

Өскемендегі халықаралық форумда жас ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды

«Құрылған кеңестің басты мақсаты – жаңа идеялар, инновациялар мен технологиялар ұсынушы жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру», - деп мәлім етті ШҚМУ ректоры Бейбіт Мамыраев бейсенбі күні.

Қабылданған резолюцияда «С. Аманжолов ат. ШҚМУ-дің жас ғалымдардың Еуразиялық клубын құру туралы бастамасын қолдау» қажеттігі, «клуб Еуразия елдерінің ғылыми тұжырымдамаларын қарқынды дамыту, халықаралық ғылыми мектептерін құру және мәдени-тарихи байланыстарын нығайту үшін Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия елдері ғалымдарының жаңа буын өкілдерінің қоғамына айналады» делінген.

Клуб шекаралас 4 мемлекеттің мүдделеріне қатысты проблемаларды шешеді: биоалуандылық, трансшекаралық аумақтар мен өзендер, экология, жер қойнауын пайдалану, металлургия, туризмді дамыту.

Б. Мамыраевтың айтуынша, келесі кезең – шекаралас мемлекеттер ректорларының кеңесін құру, ол ғылыми интеграцияны дамытуға бағытталған.