Өскемендегі президент зиятркелік мектебінің асханасын жарақтаған кәсіпкер тиісті ақшасын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі президент зиятркелік мектебінің асханасын жарақтаған кәсіпкер тиісті ақшасын ала алмай жүр

Өскемендегі президент зиятркелік мектебінің асханасын жарақтаған кәсіпкер тиісті ақшасын ала алмай жүр

Өскеменде Елбасының зияткерлік мектебіне қатысты тағы да дау шықты. Бұл жолы мәселе мектептің асханасы төңірегінде өрбіді. Білім ошағын асхана техникасымен жабдықтаған компанияға толық ақысы әлі күнге төленбепті. 3 млн теңге таяу уақытта есепшотымызға аударылмаса, асхана жабдықтарын бұзып алып кетеміз дейді шағымданушы жақ.

  • 20 Шiлде 2011
  • 602
Фото - Caravan.kz

Игорь Князев Елбасының зияткерлік мектебінің асханасын өткен жылы толық жабдықтап беріпті. Мектепті тұрғызған “Қаздорстрой»  мердігер компаниясымен өзара келісімшартқа отырып, жұмысы үшін Князев 8 млн теңге алады –деп уағдаласыпты. Алайда мердігерлер кәсіпкерге 8 млн-ның, тек 5 млн теңгесін ғана аударыпты.

Игорь Князев, кәсіпкер:

Жыл басынан бері «ертең, ертең» деп келе жатыр. Негізі осынша дауға айналдырайын деген ойым болған жоқ .Бірақ әбден ызамды келтіріп, мезі қылып жіберді.Не әкімдік,  не мердігер компания бұл туралы ойлап жүрген жоқ.

Бұл былықтың басында мектеп басшылығы емес, мердігер компания тұр. Осы жауапсызсыздығы үшін компанияны облыстық құрылыс басқармасы сотқа берді. Ондағы шенеуніктер «мектепті жаңа оқу жылында асханасыз қалдырмаудың амалын қарастырып жатырмыз»-дейді. Айтуларынша, тамыз айының соңына дейін жабдықтаушы компания алдындағы қарыз өтелуі тиіс.


Думан Сүлейменов, ШҚО құрылыс басқармасының бастығы:

Тамыз айының соңына дейін бұл мәселені шешеміз. Өйткені қыркүйекте балалардың ыстық тамақсыз қалуына жол бермейміз. Сондықтан осы қарыздарды толық жабамыз деп уәде береміз.

Аты шулы білім ордасын салған мердігер компанияға тісін қайрап жүргендер көп. Қазір облыстық әкімдікпен қатар, қаланың коммуналдық мекемелері де «Қаздорстрой» құрылыс компаниясын сотқа берген. Мәртебесі жоғары мектептің қаржылық мәселесі бұнымен бітпейді. Қазір электр энергиясынсыз отырған білім ордасы, енді қыс маусымында мүлдем жылусыз қалуы әбден мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде мектеп энергетикалық компания мен жылу беру мекемесінің әрқайсысына 3 млн теңгеден астам берешек.

Соңғы жаңалықтар