Өскемендегі Спорт сарайына Борис Александровтың аты берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі Спорт сарайына Борис Александровтың аты берілді

Өскемендегі Спорт сарайына Борис Александровтың аты берілді

Өскемендегі мұз айдынына Олимпиада чемпионы Борис Александровтың есімі берілді.

  • 13 Желтоқсан 2010
  • 602
Фото - Caravan.kz

Спорт сарайына даңқты хоккейшінің есімін беру туралы сертификат спортшының алғашқы жаттықтырушысы Юрий Тарховқа табыс етілді.

Рәсім салтанатты қойылыммен және музыкалық композициямен әрлендірілді.

Олимпияда чемпионы, еңбек сіңірген жаттықтырушы Борис Александрович Александров 1955 жылы дүниеге келген. Ол Өскемен хоккей мектебінің ең таңдаулы хоккейшісі болды. Өте сәтті ойынының нәтижесінде атақты ЦСКА командасына шақырылды. 1975 жылы мамыр айында Борис Александров бірінші мәрте КСРО чемпионы атанса, одан кейін екі мәрте 1977 — 1978 жылдары чемпион болды. 1976 жылы Александров Инсбрукте қысқы олимпиада чемпионы болды, осы жылы КСАРО құрама командасы қатарында Канада Кубогына қатысты. КСРО және ХХЛ чемпионаттарының 400 матчына қатысып 177 гол соқты. 1994 жылы Өскеменнің «Торпедосына» қайтып келіп ойыншы-жаттықтырушы болды. 1995-96 жылдардағы ойын маусымында «Торпедоның» (Өскемен) бас жаттықтырушысы болып тағайындалып, Қазақстан құрамасын басқарды. Даңқты спортшы 2002 жылы дүниеден озды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера