Өскеменді қар басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменді қар басып қалды

Өскеменді қар басып қалды

Соңғы екі аптада Өскеменде екі күн ғана қар түспеді. Мамандардың бағалауынша, қалада шамамен үш айлық қар түсті.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 343
Фото - Caravan.kz

Коммуналдық қызметтердің тәулік бойы жұмыс істеп жүргендеріне екі апта болды. Олар өткен сенбі күні жауын-шашынсыз ашық күн болғанда ғана аздап демалды. Қар жолдардан шығарылып, тротуарларды тазалау жалғасты.

Осы екі арада, Қазгидромет мамандары желтоқсан айының елдің шығысы үшін қарлы болатынын атап өтуде. Бұдан басқа, жақын тәуліктерде мұндағы ауа температурасы да қырық градус, тіпті одан да төмен болуы мүмкін. ТЖ қызметтері аймақ тұрғындарын оқыс оқиғалардан сақ болу үшін елді мекендердің сыртына шықпауларын ескертеді.
Басты сөздер: Ауа райы , Шығыс Қазақстан облысы