Жарияланды: 450

Өскемендік ана баласын босана салып, шұңқырға құлатып алған

Бүгін Өскеменде таңғаларлық оқиға болды.

Өскемен қаласының маңындағы кенттердің бірінде тұратын әйел толғағы басталғанда жедел жәрдем шақырып, ауруханаға бармас бұрын, әжетханаға кірген. Кішкентай сәби сол жерде дүнеие келіп, қазылып тұрған шұңқырға түсіп кетеді. Жедел жәрдем 9 минут ішінде келген, сол уақыт арасында көршілер әжетхананы жылжытып, шұңқыр бетін ашқан. Любовь Любченко есімді фельдшер баланы алып шығып, жуындырып, қыз нәрестенің тыныс алу жолын қалпына келтірген. Сәби қазір анасының қолында. Жаңа босанған ананың айтуы бойынша, ол іші ауырған соң әжетханаға кірген. Жас әйел алғаш рет босанып тұрған жоқ, ол бұрын екі ұл баланы дүниеге әкелген. Оның туған-туыстары қызына баланы аман алып қалған фельдшер есімін, яғни Махаббат деген есім беруді айтып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін