Бұл туралы ustinka.kz жазады.
Мұндай сорақы қылық туралы облыстық мектептер мен балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған семинар-жиналыста департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.
— Әрине, әр ата-ананың өмір сүру деңгейі әр түрлі, — деді шенеунік. — Кейбір ата-ана үшін мұндай сыйлыққа ақша жинау түк емес, ал кейбір ата-ана наразылықтарын білдірді. Сыйлық үшін түрлі дау-дамай орын алды, мұны жасырып қалу өте қиын. Т.Жұмағұлов мұғалімнің бұл қылығына жол берілмейтінін айтты.
Ол мектеп директорларын өз қызметкерлерімен сөйлесуге, облыс мектептеріндегі алым-салықты тоқтатуға шақырды.