Өскемендік «Востокмашзавод» бизнестің жол картасы бойынша Т3млрд алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендік «Востокмашзавод» бизнестің жол картасы бойынша Т3млрд алды

Өскемендік «Востокмашзавод» бизнестің жол картасы бойынша Т3млрд алды

«Востокмашзавод» АҚ «Бизнестің жол картасы» бойынша субсидиялау бағдарламасына енгізу арқылы кәсіпорын вагон құю өндірісін іске қосу үшін Т3 млрд көлемінде алғашқы транш алды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 17 Маусым 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

«Жобаның толық құны Т4,5 млрд. Бағдарламаға кіргізудің арқасында кәсіпорын Т3 млрд қаржы алды. Өндірісті 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында толығымен іске қосу жоспарланған», — деп хабарлайды әкімдік.

«Востокмашзавод» АҚ-ның шойын балқыту цехын жылына 5 мың кешен қуатымен болат вагон шығару мақсатында қайта жөндеу жобасы 2009 жылы республикалық үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасына енгізілген. Алайда қаржыландыру қиындықтарына байланысты өндірісті іске қосу мерзімі қайта қаралды. Биыл жобаны қаржыландыру міндетін Халық банкі өз мойнына алды. Жобаның бірінші кезегін желтоқсанда іске қосу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар