«Жобаның толық құны Т4,5 млрд. Бағдарламаға кіргізудің арқасында кәсіпорын Т3 млрд қаржы алды. Өндірісті 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында толығымен іске қосу жоспарланған», - деп хабарлайды әкімдік.
«Востокмашзавод» АҚ-ның шойын балқыту цехын жылына 5 мың кешен қуатымен болат вагон шығару мақсатында қайта жөндеу жобасы 2009 жылы республикалық үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасына енгізілген. Алайда қаржыландыру қиындықтарына байланысты өндірісті іске қосу мерзімі қайта қаралды. Биыл жобаны қаржыландыру міндетін Халық банкі өз мойнына алды. Жобаның бірінші кезегін желтоқсанда іске қосу жоспарланған.