Өскемендіктер арақ зауытына жұмысқа тұру үшін таласты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендіктер арақ зауытына жұмысқа тұру үшін таласты

Өскемендіктер арақ зауытына жұмысқа тұру үшін таласты

Бүгін Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жұмысшы мамандықтарының тізімі ілінген тақта алдында адамдар болмағанымен, жергілікті шарап шығаратын зауыт өкілін қаумалағандар көп.

  • 9 Сәуiр 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz

Өңірде негізінен құрылысшы, шаштараз, сатушы сияқты мамандарға зәру мекемелер баршылық. Бірақ ол жаққа мойын бұрғандар болмады. Бәрінің аңсары арақ зауытында. Мұндағы бір орынға 25 адамнан келді. Өскемендегі ащы сусынға әуес жандар тегін «май шелпекке» тап келдік деп ойласа керек. Бірақ кез-келген адамды зауытқа жұмысқа алмайтын болып шықты. Кәсіпорын басшылығы тіпті оларды тексеруге арналған арнайы тест ойлап тапқан.

Лидия Тимошенко, арақ-шарап зауытының өкілі:

-Кез-келген үміткерге міндетті түрде көңіл аударамыз. Егер барлық талап қанағаттандырылса, дәрігердің шешімін аламыз. Әңгімелесу кезінде көбі арақ ішпейтіндей кейіп танытады. Сондықтан жіті тексеруден өткіземіз.