АҚШ елшісінің Өскеменге екі күндік сапарының аясында Д.Ордвей «Үлбі металлургия зауытын», «Азия Авто» автоқұрастыру зауытын, Сөгрин ЖЭС мен «Қазцинк» кәсіпорнын аралайды деп жоспарланған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ертең Джон Ордвей мырза Америка мәдени орталығында ағылшын тілді студенттермен кездесу өткізеді деп күтілуде.