«Өскемен-Семей» жолында жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өскемен-Семей» жолында жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті

«Өскемен-Семей» жолында жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті

Кеше Семей-Өскемен жолының 86 шақырымында жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті. Оның себебі аймақта осымен бірнеше күннен бері ауа температурасы күрт жылынып, еріген қардан жолдар көктайғақ болып қалған.

  • 4 Ақпан 2011
  • 651
Фото - Caravan.kz

Автобус ішінде 30 жолаушы болған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиғаны естісімен, жолға Семей қаласының құтқарушылары аттанған, алайда олардың көмегі аса қажет болмады, жүргізуші жырадан өзі автобусты шығарып алған.

Жолаушылардың өзі де көлікті итеріп, көмек көрсеткен.


Бұл адам шығыны болмаған сирек оқиғалардың бірі. Төтенше жағдайлар департаменті халықтың жолда жүргенде абай болуларын ескертеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера