Осыған дейін ҚазАқпарат хабарлағандай, Норвегияның Утейа аралында Норвегия жұмыс партиясының жастар жиынына қатысушыларға қарсы оқ атқан лаңкестің қолынан кем дегенде 80 адам зардап шекті.
Қаза тапқандардың елеулі бөлігі 14-19 жастағы жеткіншектер. Барлығы А.Брейвиктің қосқан жарылғыш затынан 87 адам қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген жаралылардың нақты саны әзірге белгісіз.