Мерейтойлық шараға 20 елдің президенті, Еуропарламент пен Еурокомиссияның жетекшілері, 6 король, 8 үкімет басшысы, Освенцим лагерінің бұрынғы тұтқындары мен екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері қатысты. «Освенцимдегі трагедия — адамзат дүниесіне мәңгілікке жасалған ащы ескерту болмақ» дегенді рәсімге қатысушылар бір дауыстан құптады, делінген министрлік хабарламасында.
Салтанаты шара барысында Ө.Бәйгелді Польша президенті Александр Квасьневскиймен және бірқатар Еуропалық елдердің делегация жетекшілерімен кездесті.