Осы айда Қазақстанға қажетті бензин көлемі жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы айда Қазақстанға қажетті бензин көлемі жеткізіледі

Осы айда Қазақстанға қажетті бензин көлемі жеткізіледі

Қыркүйекте Қазақстанға қажетті бензин көлемі толық жеткізіледі.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

«Үкіметтің бензиннің бағасына қатысты жасаған соңғы шешімінің арқасында елімізге бензиннің жеткізілімі жақсарды. Оны біз бірінші күннен байқап отырмыз. Қыркүйектің басынан бері 22 мың тонна бензин Қазақстанған жеткізілген. 11 мың тоннадай бүгінде жолда келе жатыр. Сонымен қатар 80 мың тоннаны алу үшін тиісті шарттарға қол қойылды. Енді қыркүйек айының ішінде оның көлемі 110 мың тоннаға дейін жетеді деп есептеп отырмыз», — деді Ұ. Қарабалин.

Осы орайда ол бұл шаралардың нәтижесінде ағымдағы айда қажетті бензин көлемі толық қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің төртінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқандығын хабарлаған болатын.  Б. Сағынтаевтың айтуынша,  Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль — 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120  теңгеден сатып алынып, 108 теңгеден сатылуда.  «Сәйкесінше, шығынмен ешкім де жұмыс істегісі келмейді. Егер осылай жалғасса, жақын арада, қыркүйектің аяғына қарай бензин тапшылығы туындайды», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі өндіріс пен тұтыну балансында Аи-92/93 бензинін үш мұнай зауытында өндіру көлемі 2,1 млн. тонна, ал тұтыну деңгейі  3,2 млн. тоннаны құрап отыр. Яғни, 1,1 тонна көлемінде жетіспеушілік бар. Бұл қажеттіліктің негізгі көлемі Ресейден жеткізілуде.


Қашағандағы жұмыстар жоспардан жылдамырақ жүріп жатыр. «Қашағанның жағдайына тоқталатын болсақ, осыған дейін айтылған еді, яғни 2016 жылдың аяғына дейін тиіс жұмыстарды бітірулері тиіс.  Жұмыстардың негізінде 180 шақырым құбырды ауыстыру қамтылған. Бүгінде бұл жүзеге асырылып жатыр», — деді Ұ. Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, Германиядағы және Жапониядағы тапсырыс берілген зауыттардан құбырлар келіп жатыр. Қазіргі кезде Германиядан жасалған 86 шақырым, ал Жапониядан 12  шақырым құбыр алынған, жалпы 99 шақырымдай құбырлар жасалды.

«Бұның ішінде бүгінде 67,5 шақырымы Қазақстанған жеткізілді. Бұлар — жоғары технологиялармен жасалған құбырлар. Соның ішінде 26 шақырымы кен орнында құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспардан жылдамырақ жүріп жатыр», — деді министрдің бірінші орынбасары. 

Биылғы жылы мақсат-міндеттерін орындауы үшін кен орнын пайдаланушыларға барынша қолдау жасалуда. «Инфляциялық таргеттеудің Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне ықпалы туралы айтатын болсақ, Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспарлары өзгеріссіз қалды. Ағымдағы шаралар белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Осыған сәйкес, биылғы жылы мақсат-міндеттерін орындауы үшін кен орнын пайдаланушыларға барынша қолдау жасалуда. Біздің ойымызша, мұнай өндіру саласында әлемдік жағдайдың қиын болуына қарамастан, ағымдағы жылдағы белгілеген жұмыстарымыз толық жүзеге асырылу тұрғысында барлық тиісті шараларды атқаруға қауқарлы боламыз», — деді Ұ. Қарабалин.

Соңғы жаңалықтар