"Осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер": Мейрамбек Бесбаев жүрегін елжіреткен әжені іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер": Мейрамбек Бесбаев жүрегін елжіреткен әжені іздеп жатыр

"Осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер": Мейрамбек Бесбаев жүрегін елжіреткен әжені іздеп жатыр

Әнші Мейрамбек Бесбаев өзіне дұғай сәлем айтқан кейуананы іздеп жатыр. Жасы келген апа Қызылорда облысынан сәлем жолдап, әншінің амандығыны тілеген еді.

  • 5 Ақпан 2021
  • 17347
Фото - Caravan.kz

Әрине бәрі әуелгіде немерелерінің әзілінен басталғанды. Бұл жағдай көпшіліктің де, тіпті әнші Мейрамбектің де жүрегін елжіретіп, тебірентіп тастады.Енді Мейрамбек осы апамен тілдескісі келіп, іздеуге кірісті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Жаным апатай, сіздің сәлеміңізді әлеуметтік желі арқылы көрдім. Ақ жүрекпен айтылған аппақ тілегіңізге мың алғыс. Жанымды елжіретіп, көңілді тербетіп жібердіңіз. Аллаға шүкір, қолыма домбыра алып ел алдына шыққалы бері, кимешегі кірлемеген осындай аналарымның ақ батасын алып келемін. Ата-апаларымның ақ батасы көңілге медеу, жаныма демеу болып келеді. Видеоны көріп отырып, бауырына салып еркелетіп алатын өз әжем есіме түсіп, көңілім босады. Ұрпағыңыздың рахатын көріңіз, апа. Мен болып сөйлесіп, көңіліңізді көтеріп отырған немерелеріңіздің әзілі қандай жарасымды.😆 Айналайын аталарым, әжелерім, апаларым!Мен сіздерді өз ата-анамдай жақсы көремін. Алладан амандықтарыңызды тіледім. Ыңғайы келсе осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер жақсы болатын еді. Видеозвонокпен хабарласамын", -деп жазды әнші.