Жарияланды: 460

Осы аптада Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар өтеді

1-2 маусымда Астанада сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар өтеді.

Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті. Отандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов, ал қонақтар жағын - Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Абдулкадар Мемеди басқарады. Аталған шара шеңберінде Қазақстан мен Македония арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегі, екі мемлекет арасындағы құқықтық базаны ұлғайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық талқыланады. Сапар барысында македондық делегацияның Қазақстанның Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть