Осы аптада Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы аптада Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар өтеді

Осы аптада Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар өтеді

1-2 маусымда Астанада сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар өтеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Отандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов, ал қонақтар жағын — Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Абдулкадар Мемеди басқарады.

Аталған шара шеңберінде Қазақстан мен Македония арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегі, екі мемлекет арасындағы құқықтық базаны ұлғайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық талқыланады.

Сапар барысында македондық делегацияның Қазақстанның Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар