"Осы кө*ашарды шенеуніктерге жасаса ғой": Танымал актриса "салық төлемеген" блогерлерді жақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осы кө*ашарды шенеуніктерге жасаса ғой": Танымал актриса "салық төлемеген" блогерлерді жақтады

"Осы кө*ашарды шенеуніктерге жасаса ғой": Танымал актриса "салық төлемеген" блогерлерді жақтады

Актриса Айнұр Ильясова желіде тарап жатқан салық төлемеген блогерлердің тізіміне қатысты пікір білдірді.

  • 20 Ақпан
  • 145
Фото: ©instagram.com/ainur_ilyasova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актрисаның айтуынша, қоғамда кез келген жағдайда блогерлер мен өнер адамдарына кінә тағу оңай болып кетті.

«Мына тізімді көріп бір күліп алдым. Халық ақымақ емес, және жылдан-жылға олардың көздері ашылып жатыр. Билектегілерге халықты алдау үшін түрлі айлаларға барып жатқаны ба белгілі, бәрі НДС тақырыбын жабу үшін жасап жатқан көзбояушылықтары ғой. 20 ақпанда мажіліске түзетулерге кететінін естеріңізге сала кетейін.

Блогер, жұлдыздар үнемі халық алдында жүргеннен кейін, қызыл көз сияқты, кез келген жағдайда, бірден «крайний» қыла салу оңай ғой. Оны талай көріп жүрміз. Тіпті сатира үшін Темірланды 7 жыл күтіп тұр. Бізде қазір сөйлеу түгілі, демалуға (дышать)болмайтын жағдай болып кетті ғой… өкінішті…

Бұл “көташарды” шенеуліктерге жасаса…

Қалай дегенмен бәрі өз қолымызда екеніні еске алған жөн. Бұл елді өзгертетін өзіміз ғана. Сондықтар біреудің «ФАС» дегеніне шаппай ақыл қосайық…

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!

Мағжан Жұмабаев!», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адамның табыс декларацияларында айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталып, оларға 53,3 миллиард теңгені құрайтын салықтық міндеттемелер жүктелді.