Осы уақытта Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық
![]() |
Осы уақытта Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық. |
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, кеше кешқұрым аязға байланысты төрт облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын.
Мәселен, Павлодар облысының барлық бағыттарында қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктерге жолға шығуға тыйым салынған еді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы аумағында да барлық бағыттарда қоғамдық, жүк, дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Ал ШҚО аумағындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымы учаскесіндегі «Павлодар облысы шекарасы-Семей» аралығында да осындай шектеулер енгізілген болатын. Осы жолдардың барлығы бүгін сағат 08:00-ден бастап ашылды.
Бұған қоса, кеше сағат 19:15-тен бері Ақмола облысындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымындағы «Астана-Павлодар облысы шекарасы» аралығында да қоғамдық және дизельдік отынмен жүретін көліктер үшін жол жабылған еді. Бұл жолда да бүгін таңғы 07:00-ден бастап көлік қозғалысы жанданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін