Осыдан 7 жыл бұрын екі адамның өмірін қиған Семей тұрғыны полицияға өз еркімен келіп қылмысын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осыдан 7 жыл бұрын екі адамның өмірін қиған Семей тұрғыны полицияға өз еркімен келіп қылмысын мойындады

Осыдан 7 жыл бұрын екі адамның өмірін қиған Семей тұрғыны полицияға өз еркімен келіп қылмысын мойындады

Осыдан 7 жыл бұрын екі адамның өмірін қиған бір қылмыскер Семей қалалық ІІБ-на өз еркімен келіп қылмысын мойындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 405
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 47 жастағы еркек 1997-жылдың қыркүйек айында өзімен бірге тұрған ашынасы мен оның жаңа танысын өлтіргенін, қылмысты бұдан әрі жасыруға ары жібермегенін жеткізді.

Әлгі еркек осыдан жеті жыл бұрын болған оқиғаны қаз-қалпында баяндап, адамдардың өлігін қайда жасырғанын да айтып көрсетіп берді. Қайғылы оқиға Семей өңірі Березовский ауылында күдіктінің үйінде болған. Қожайынның үйінде шөлмек босату барысында жаңжал шығып, әлгі еркек ашынасы мен оның танысын металл тұрба және балтамен ұрып өлтірсе керек. Бұдан кейін олардың өлі денесін ол өз үйінің ауласына көміп тастаған.
Мойындаудан кейін ауылға шыққан жедел топ күдікті тұрған үйдің ауласынан екі адамның мәйітін тауып алды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында белгілі болғанындай, әлгінің қолынан мерт болған әйел 1997-жылдан бері хабар-ошарсыз кеткендер санатында іздестіріліп жатқан. Ал онымен бірге көмілген еркектің аты-жөні анықталмай отыр.