"Осылай айтып өлтіре бере ме": Сарбаздардың еті менікі сүйегі сіздердікі деген полковниктің басу дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осылай айтып өлтіре бере ме": Сарбаздардың еті менікі сүйегі сіздердікі деген полковниктің басу дауға қалды

"Осылай айтып өлтіре бере ме": Сарбаздардың еті менікі сүйегі сіздердікі деген полковниктің басу дауға қалды

Өзін 35-ші десанттық шабуылдау бригадасының командирімін деп таныстырған Бейбіт Аманкалиевтың әскери борышын өтеуге барған сарбаздардың ата-аналарына айтқан сөзі желіде қызу талқылануда.

  • 11 Шiлде
  • 150
Фото - Caravan.kz

«Сарбаздардың еті менікі» деген Гвардия полковнигінің басы дауға қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Гвардия полковникінигі, 35-ші десанттық шабуылдау бригадасының командирі Аманкалиев Бейбіт Бүркітбайұлымын. Сіздердің балаларыңыздың бір жылға әкесі де, шешесі де менмін. Екінші әңгіме, қазақта мақал бар ғой, балаларыңыздың еті менікі де, сүйегі сіздердікі», — дейді командир.

Видеодан командирдің бұл сөзі ата-аналарға ұнамай қалғанын байқауға болады. Желі қолданушылары да полковниктің бұл мақалы орынсыз болғанын жарыса жазып жатыр.

«Онсызда сүйектерін алып жатыр ғой, осыдан кейін қалай жібереді», «Бала әскери борышын өтеуге барды, ол боксердын грушасы емес», «Ұялмай не айтып тұр», «Халық үндемей қалды ғой, түсінбей қалған сияқты», «Жандарын алып, сүйектерін береміз дегені ғой», «Қорқынышты қылып айтты ғой», — деп жазды олар.