Осымен екінші күн Павлодардың үстін қою түтін басып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осымен екінші күн Павлодардың үстін қою түтін басып тұр

Осымен екінші күн Павлодардың үстін қою түтін басып тұр

Осымен екінші күн Павлодар мен облыстың үстін қою түтін басып тұр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қазан 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма түтіннің себебін үш себеппен байланыстырады : шекаралас Ресей аймақтарындағы өртке, жергілікті кәсіпорындардың жұмысына және үп еткен желдің шықпауына тікелей сабақтас деп танылуда.

Павлодар облысы Ресейдің Омбы облысымен шекараласатыны белгілі. Бұл облыс соңғы үш күннен бері қою түтінге тұншығып тұр. Оған себеп, облыста ауылшаруашылығы кәсіпорындары шабындықтарда жиналмай қалған шөптерді өртеу үстінде. Соның салдарынан шөпті алқаптардағы өрт орманға қарай ойыса түскен.
Паплодар облыстық күн райын қадағалау қызметінің ақпаратына сәйкес, бүкіл облыс аумағында тіркелуде. Алайда, алдағы 3 күнде облыста күн райы өзгеріп, жел күшейеді, нәтижесінде түтін арылады деген болжам бар.
Павлодар облысында жалпы 800 мың адам бар.

Соңғы жаңалықтар