“Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”: Асхат Садырбайдың экс енесі журналистің жалған сөйлегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.85
  • 537.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”: Асхат Садырбайдың экс енесі журналистің жалған сөйлегенін айтты

“Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”: Асхат Садырбайдың экс енесі журналистің жалған сөйлегенін айтты

Журналист Асхат Садырбайдың экс енесі халыққа болған жағдайдың ақ қарасын айтты.

  • 28 Қаңтар
  • 87
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Желі қолданушысы экс күйеу баласының сөздері шындыққа жанаспайтынын алға тартады. 

“Мен – Айғанымның анасымын. Асхаттың сұхбатын көрдім. Оның бір көзі де шындыққа келмейді. Біз екеуінің қосылуына қарсы болғанымыз рас. Асхаттың өткен өміріне байланысты еді. Ата-анаңның алдынан өтейін деп келгенде бірінші рет сол кезде көрдік. Сол кезде “Үлкен қызды ал” деп қай ата-ана айтады? Қыз ауыстырып қоятын зат емес қой. Бұл – Асхаттың құйтырқы әрекеті. Халықтың миымен ойнап отыр. Оның әрекеті адамды ашуландыруға апарады. Асхаттың қаны да, жаны да осылай жаратылған. Ол біз үшін бала. Онымен айтысып, тартыспаймыз. Тіпті сондай жағдай болса да, бәлеге қаласың. Ол өз сөзіңді өзіңе қарсы қолданады. Асхат иман жолында жүрген бала емес пе?! Сұхбатта соның бәрін жиыстырып қойған. Қызымның көзінен ұрмадым дейді. Сонда кім ұрды?! Анаң ба?! Ендеше ұрған адамды сотқа бермедің бе?! Екі күн қызды ұстап, сотталып кетемін деп қорқып отырдың. Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”, – деп жазды Айғанымның анасы.