«Отандықтар біздердің билікті сынауға болмайтындай өз аузымызға қақпақ қойған себебімізді білмеймін. Мұндай тыйым салынған емес»,- деп атап өткен М.Толыбаев мемлекеттік мекемелердің сыни пікірге құлақ асатынына тоқталды. «Ұйым жетекшісі ретінде «Отан» партиясы үшін кез-келген департамент директорын сын тезіне салуға болатынын мәлімдеймін»,- деді ол.
«Отан» партиясы дәл қазір «өзінің саяси бәсекелестерінен бір адым артта қалды»,- дегенді М.Толыбаев жасырмады. «Әкімшілік ресурстарды араластыру адамдар арасында кереғар көзқарас туғызады. Ал бізге қабысқан билік партиясы деген атау көптеген кері әсерлерге алып келуде»,- дейді ол.