"Отан" партиясы жалпыұлттық партияға айналды - партия төрағасының міндетін атқарушы - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отан" партиясы жалпыұлттық партияға айналды - партия төрағасының міндетін атқарушы

"Отан" партиясы жалпыұлттық партияға айналды - партия төрағасының міндетін атқарушы

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. "Отан" партиясы жалпыұлттық партияға айналды. Бұл туралы бүгін Республикалық "Отан" саяси партиясының кезектен тыс оныншы сьезінде сөз сөйлеген партия төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Бірігудің басты қозғалтқыш күші мен орталығы ролін Қазақстан Республикасы президентінің саяси партиясы — «Отан» партиясы атқаруға тиіс»,- деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, «партия «Асар» партиясымен бірігу арқылы нығая бастады. Бұл бірігуді қоғам оң қабақпен қарсы алды. Сауалнама қорытындысы бойынша бірігуді респонденттердің 70 проценті қолдады»,- деді ол.

«Бүгін Аграрлық және Азаматтық партиялар қосылды. Саяси сахнада жалпыұлттық партия пайда болды. Ол еліміздің басты қозғалтқыш күшіне айналып, толыққанды жауапкершілікті өзіне жүктеп алуға тиіс»,- деп мәлімдеді Б.Жұмағұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта