"Отан" партиясының орталық аппараты Астанаға қоныс аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отан" партиясының орталық аппараты Астанаға қоныс аударды

"Отан" партиясының орталық аппараты Астанаға қоныс аударды

Республикалық "Отан" саяси партиясының орталық аппараты Алматыдан Астанаға қоныс аударды. Бұл туралы бүгін, 30-мамырда Астанада партияның орталық аппараты қызметкерлерінің бас қосуында "Отан" саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Жұмағұлов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Мамыр 2005
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Елордасы мен орталық билік органдарының Астанада болуы — қоныс аударуға басты себеп»,- дейді Б.Жұмағұлов. «Жергілікті жерлердегі шенеуніктер көтере алмаған барлық проблемалардан биліктің тез арада хабардар болуын қалаймыз»,- деді ол. Б.Жұмағұловтың айтуынша, «Алматыда партияның өкілдігі қалады».

Бүгін партияның орталық аппаратының 28 қызметкері Астанаға келіп жетті. «Біз Астанада жұмыс істеп, Елбасы алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратын боламыз»,- деп атап көрсеткен Б.Жұмағұлов «Отан» партиясы Елбасының жолдауын халыққа жеткізумен шектелмей оны жүзеге асыру тетіктерін жасайтын болады» деп мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта