"Отан" партиясының құрылтайы Ж.Тұяқбайдың партия төрағасының орынбасары қызметін атқару мүмкіндігі туралы мәселе қарайды - "Отан" бюросының мүшесі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отан" партиясының құрылтайы Ж.Тұяқбайдың партия төрағасының орынбасары қызметін атқару мүмкіндігі туралы мәселе қарайды - "Отан" бюросының мүшесі

"Отан" партиясының құрылтайы Ж.Тұяқбайдың партия төрағасының орынбасары қызметін атқару мүмкіндігі туралы мәселе қарайды - "Отан" бюросының мүшесі

"Отан" партиясының құрылтайы Ж.Тұяқбайдың партия төрағасының орынбасары қызметін атқару мүмкіндігі туралы мәселені қарайды. Бұл туралы бүгін, 19-қазанда "Отан" партиясы бюросының мүшесі Айдын Әлібаев Алматыда өткен баспасөз мәслихатында журналистерге хабарлады.

  • 19 Қазан 2004
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Отан» партиясы бюросына арнап Ж.Тұяқбайдың мәлімдемесіне қатысты өз көзқарасын білдірген А.Әлібаевтың пікірінше, мәжіліс спикері тек жеке амбициясының жетегінде ғана партиядан шықты. Спикер әрекетінің бұдан басқа себебін көре алмай тұрмын ,- деді ол.

Ж.Тұяқбай өз мәлімдемесінде «өз-өзіне қайшы келеді»,- дейді А.Әлібаев. «Бұлайша шала бүлінуге сайлау қорытындысын бұрмалау, заң бұзу мен қайшылықтар себеп болды деген жерде ол шын мәнінде жалған жылмағайланып отыр»,- деді ол. «Ол сайлау қарсаңындағы науқан кезінде «Отан» партиясы таза болды деп мойындай отыра, жіберілген заң бұзушылықтар үшін тек атқарушы билікті ғана айыптайды. Демек, оның партиядан шығуына ешбір сылтау болған жоқ»,- дейді бюро мүшесі. «Егер ол расында да партияның демократиялана түсуі үшін тер төккісі келген болса, онда партияны жетілдіруге бағытталған осынау игі ниетін партия қатарында осындай жоғары лауазым иемдену арқылы жүзеге асыруына кім кедергі келтіріпті?»,- деген сауал тастады А.Әлібаев.
Ал Республикалық «Отан» саяси партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев өз сөзінде егер партия сайлауда жеңіске жеткен жағдайда «Отан » партиясының мүшелері арасынан төрағалыққа кім тағайындалатыны алдын-ала анықталмағанын атап өтті. «Бұл парламенттің құзырындағы іс»,- деді ол. Сонымен бірге парламенттің түрлі органдарының жұмысына қатысатындардың да тізімі айқындалған жоқ, деді А.Ермегияев.

Перейти к новостям спорта