“100 адамнан құралған саяси кеңес паритетті негізде жасақталды. Енді бәрі отандықтар деп аталады”,- деді партия төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов партиясының кезектен тыс сьезінде сөйлеген сөзінде.
Б.Жұмағұловтың хабарлауынша, жуырда “Отан” партиясының аумақтық бөлімшелері өкілдерінің кеңестері өткізілді. “Біз әрбір кандидатураны мұқият талқыладық. Саяси кеңестің құрамы туралы шешім бір дауыстан қабылданды”,- деді ол.
Сонымен бірге сьезд орталық бақылаушы ревизиялық комиссияны 18 адамның құрамында сайлады.
“Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезі өз жұмысын аяқтады.