Отандық алаяқтар еліміздің инвестициялық тартымдылығын жоққа шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 504.79
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық алаяқтар еліміздің инвестициялық тартымдылығын жоққа шығаруда

Отандық алаяқтар еліміздің инвестициялық тартымдылығын жоққа шығаруда

Қазақстанға келіп, бизнес ашамын, немесе тауар аламын деп алданып қалған шетелдік азаматтар аз емес. Көбісі әділдік таппай еліне қайтып кетті.

  • 27 Маусым
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Әрине, олар да, олардың жағдайымен танысқан басқа инвесторлар да енді біздің елдің табалдырығын аттамайтыны анық. Осындай оқиғалар көбейген сайын, тікелей инвестиция тарту қиын болып барады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы қаржы сарапшысы пікір білдірді.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикалық өсім, барлық негізгі секторлардың даму динамикасы бойынша Еуразиялық одақ елдерінен артта қалды. Ішкі жалпы өнім көлемін Армения 9,2%, Қырғызстан 8,8%, Ресей 5,4%, Беларусь 4,1 пайызға арттырған. Біз 3,7 пайыз өсім көрсеттік.

Ең қауіптісі екі фактор: біз өндіріс көлемінің өсуі бойынша 3,8 пайыз көрсетіп, бұл жерде де аутсайдерміз және болашақ дамудың ең маңызды индикаторы – негізгі капиталға инвестиция көлемін сәуір айында былтырғымен салыстырғанда 16,8 пайызға құлдыратып алдық.

Себебі, инвесторлар сенбейді. Біздікілер оларды алдайды деген жаман стереотип тез қалыптасып алды. Кәсіпкер құқығын қорғай бастаған ҚР Бас прокуратурасы осы мәселені — жергілікті алаяқтардың шетелдік инвесторларды тақырға отырғызатын практикасын назарға алып, мүлде тамырына балта шауып тастау керек.

Мысалы, қытай бизнесмені Ван Ерчан оқиғасы мүлде масқара нәрсе. Ол ірі қара малдың қарнын сатып алуға біздегі азаматқа 70 миллион теңге аударған. Біздің кәсіпкер ол қарынды жинаған, бірақ тапсырыс берушіге өткізбеген. 2024 жылдың 5 сәуірінде Шымкент қаласының полициясы осыған қатысты қылмыстық іс тіркеген. Сол күні тауар басқа жерге жасырылғаны анықталып, Ван Ерчанға қайтарылған. Алайда, 21 мамырда тергеуші сол тауарды қайта тәркілеп, біздің бизнесменге бере салған, ал ол қарынды тез арада басқа жаққа сатып жіберген. Адвокаттар тауардың Алматыда екендігін анықтағанымен тергеу органы жалтаруға тырысты.

Нәтижесінде, Ван Ерчан тауарсыз да, қаражатсыз да қалып отыр. Ал алаяқ тіпті осы ісі үшін жауапқа тартылмаған.

Енді осы іске Қытай үкіметі араласып, олар наразылық нотасын жолдаған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Шымкенттегі жағдай үшін ұятқа қалып отыр.

Егер, біздің тарап кез-келген шетел кәсіпкерін, инвесторын осылай алдап, және ол үшін жауапқа тартылмайтын болса, онда біз 2030 жылдары адам жоламайтын Африка елдерінің деңгейіне түсеміз», — деді Айбар Олжаев.