Отандық дәрігерлер бауыр ауруларын тегін емдеуге мүмкіндік алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық дәрігерлер бауыр ауруларын тегін емдеуге мүмкіндік алды

Отандық дәрігерлер бауыр ауруларын тегін емдеуге мүмкіндік алды

Қазақстандық дәрігерлер жаңа мүмкіндікке қол жеткізді. Енді бұдан былай олардың қолында уақытша бауыр қызметін атқара алатын жаңа аппарат бар. Құрылғы әсіресе операция жасағанда таптыртпайтын. 

  • 28 Шiлде 2011
  • 696
Фото - Caravan.kz

Бұл аппараттың сырт пішіні шап-шағын болып көрінгенімен атқаратын қызметі орасан. Немістердің ойлап тапқан құрылғысы шамамен 300 мың еуродай тұрады екен. Қазақстанда мұндай аппарат әзірге екеу ғана. Бірі Алматыда, бірі Астанада. Болашақта тағы бірнешеуін алу жоспарда бар. Өйткені елімізде бүйректі емдейтін медициналық жабдықтар жеткілікті, ал бауыр қызметіне арналған аппараттар болмаған еді. Оның үстіне қазір сапасыз ауыз су мен дұрыс тамақтанбаудан бауырын ауыртқандар саны өте көп. Енді осындай құрал-жабдықтың арқасында науқастарды өз елімізде тегін емдеп алуға мүмкіндік бар.


Абай Байгенжин,
«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ Бас директоры:

-«Портал» деген қазір компьютерлік бағдарлама бар. Аудандық аурухана, емхана сондай аурулары болатын болса, сол «порталға» шығарады, бізге сосын ол клиникаға шығады. Сосын бізде төсек орын болғанда дереу шақырамыз өзімізге.  

Соңғы жаңалықтар