Отандық кәсіпкер тікелей эфир кезінде науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ долларын берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық кәсіпкер тікелей эфир кезінде науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ долларын берді

Отандық кәсіпкер тікелей эфир кезінде науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ долларын берді

Оқиға «Қазақ радиосының» эфирі кезінде болды. Отандық кәсіпкер науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бөлді,

  • 13 Мамыр 2017
  • 437
Фото - Caravan.kz

Оқиға «Қазақ радиосының» эфирі кезінде болды. Отандық кәсіпкер науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қыздың еміне қаражат табуға тікелей эфирде шығатын «Жан жылуы» бағдарламаы көмектесті. Науқас балаларға көмек және қайырымдылық ісімен айналысатын кәсіпкерлердің бірі бағдарламаға қоңырау шалған ананың жан айқайына құлақ түрді.

Бағдарламаға Ақмарал есімді әйел хабарласып, 4 жасар қызы Айсәуленің жағдайын айтты. Бүлдіршіннің қос бірдей бүйрегі ауырады, жұмыс істемей қалған. Қазіргі уақытта қыздың өмірі қанды тазартуға арналған құрылғыға қарап тұр. Осы туралы сөз еткен әйел жұрттан көмек сұрады. Эфир барысында тыңдармандардың бірі хабарласып, ананың нөмірін сұрады. Ал кейіннен бейтаныс азаматтың науқас қызға 40 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай көмек көрсететіні белгілі болды.

«Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай:

«Әлемде жақсы адамдардың бары сөз. Оған тағы да көзіміз жетті. Кейінірек Айсәуленің денсаулығы және оған көрсетілген көмек жайында толық мағлұмат беретін боламыз», – деді.


Қайырымдылық жасаған кәсіпкер өз есімін атамауды өтінген.

Айта кетейік, «Жан жылуы» бағдарламасы биылғы жылдың сәуір айынан бастап эфирге шықты. Аптасына екі рет тыңдармандарымен қауышатын бағдарлама науқас балалар проблемасын сөз етіп, қоғамның назарын аударуға тырысады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде кәсіпкер 10 жасар қызға сыйға тартқан пәтерге талас басталды

Алматылық отбасының ЭКО арқылы дүниеге келген үш бірдей баласы сал ауруына шалдыққан

Шымкенттік: Бас полицей үлкен қылмыстарды өзі қолдан жасады

Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды

Соңғы жаңалықтар