Отандық тағы бір жер серігі «Казсат-2» жұлдызды аспанға жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық тағы бір жер серігі «Казсат-2» жұлдызды аспанға жол тартты

Отандық тағы бір жер серігі «Казсат-2» жұлдызды аспанға жол тартты

Қазақстан ғарышты бағындыруда. Отандық байланыс серігі «Казсат-2» жұлдызды аспанға жол тартты. Бұл құрал Орта Азия мен Ресей аумағында сапалы телехабар таратуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қазақстандық байланыс операторларының қажеттіліктерін де өтейді. Салмағы 1 200 келіден асатын жер серігі Ресейдің ракетасымен бірге ғарышқа жіберілді.

  • 19 Шiлде 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz


Тарихи сәтті бақылау үшін Байқоңырда еліміздің және көршілес мемлекеттің саясаткерлері, ғарыш саласының өкілдері жиналды. Бұл жолы «Казсаттың» ғалам кеңістігінде нық орын алатынына сенім мол. Еске сала кетсек, 2006 жылы біздің серікті ұшыру сәтсіздікпен аяқталды. “Казсат-1” жұлдыздардың арасында жоғалып кеткен. Сондықтан екінші нұсқасына әлдеқайда жоғары талап қойылды. Байланыс серігі еуропалықтардың көмегімен соңғы үлгіде жасақталған. Бұл салмағын азайтып, қабырғаларын нығайтуға және жылу тұрақтылығын көбейтуге ықпалын тигізді. Жалпы күрделі жүйені жаңарту арқасында оның төзімдігі бұрынғыдан арта түспек. «Қазсат» серігінің жарамдылық мерзімі 14 жылға жетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар