"Анна Данченко, келін болып түсті. Енді сәлем салады. Қазаққа келін болды. Кімге келін болды деп ойлайсыздар?", — деп жазды әнші Абай Бегей желіде.
Желі қолданушылары мен шоу-бизнес өкілдері тележүргізушіні жарыса құттықтасып жатыр.
Пікір жазушыларды оның қандай отбасыға келін болғаны, кімге тұрмысқа шыққаны қызықтырды.
"Қазаққа келін болды ма? Кіммен отау құрды? Өзі де қазақ болып кеткен қыз ғой", — деп жазды олар.
Ал, тележүргізушінің өзі бұған қатысты парақшасында еш ақпарат жазбаған.