Отандық журналист "Коронавирус жоқ", - дейтіндерге ренішін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық журналист "Коронавирус жоқ", - дейтіндерге ренішін білдірді

Отандық журналист "Коронавирус жоқ", - дейтіндерге ренішін білдірді

Отандық белгілі журналист Руслан Желдібай коронавирус індетін жоқ деп санап, карантин шараларын сақтамайтын адамдарға ренішін білдірді.

  • 15 Маусым 2020
  • 159
Фото - Caravan.kz


Ол коронавирусқа бейжай қарағандарға үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

— "Әлі де "коронавирус өтірік" дейтін пікірлерді оқып қаламын. Қоғамдық орында маска тақпау, бір метр дистанцияны сақтамау т.б. тіркелгендер саны артуына алып келеді. Менің жақын үш досым ауырды, екеуі жазылып шықты. Екеуінде пневмония белгілері болды. Оңай емес. Ал "денсаулығым мықты" дейтіндер риск топтағы адамдарды ойласын дегім келеді. Менің әкем рактан емделді. Иммунитеті әлсіз. Міне, осындай кісілерге қауіпті. Ең болмаса басқаны да ойлау керек. "Коронавирус жоқ" дейтіндер ертең біреудің өліміне себепкер боламын деп ойламайды ма екен. Сенбесе ерікті түрде ауырып жатқандармен бірге жатсын. Жалпы Үкімет жетіскеннен карантин енгізген жоқ. Экономиканың төмендеуі басқа басқа бірінші кезекте Үкіметке керек емес. Сол үшін сіздерді санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Жауапты болайық!", — деді ол.  — "Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", — деді ол өз жазбасында.