"Отанның" атауында партияның саяси бағыт-бағдарын айшықтау ұсынылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отанның" атауында партияның саяси бағыт-бағдарын айшықтау ұсынылып отыр

"Отанның" атауында партияның саяси бағыт-бағдарын айшықтау ұсынылып отыр

АСТАНА. 27-қараша. Kazakhstan Today. Республикалық "Отан" партиясының атауында оның саяси бағыт-бағдарын айшықтау ұсынылып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 27 Қараша 2006
  • 562
Фото - Caravan.kz

«Аграрлық партияның құрылтайында «Отан» партиясының атауын өзгерту туралы ұсыныс айтылды»,- деді «Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов партияның саяси кеңесінің сенбіде өткен кеңейтілген отырысында. «Расында да әлемдік тәжірибеде орныққанындай, партияның атауы оның саяси ұстанымының атауынан, мәселен, лейбористік, социал-демократиялық, консервативтік т.б атаудан басталады. Ал біздің елімізде әзірге мұндай үрдіс қалыптаспаған. Бірақ менің пайымдауымша, үгіт насихат жұмыстарының тиімділігі үшін осындай атау пайдалы болар еді. Айталық, халықтық-демократиялық партия деген секілді»,- деді Б.Жұмағұлов. «Бұл мәселені асықпай жан-жақты талқылау қажет»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптада болған кезектен тыс сьезінде Қазақстанның Аграрлық партиясы республикалық «Отан» саяси партиясымен бірігуді бір дауыстан қолдады. Аграрлық партияның сьезінде атап көрсетілгеніндей, еліміздегі жетекші партияның қазіргі альянсын «шынайы халықтық» деп санауға негіз бар. Осыған байланысты сьезде осындай саяси бірлестіктің жаңа атауы туралы ойластыру ұсынылды.

Қазіргі жағдаймен «Отан» партиясы еліміздегі ең қуатты саяси күшке саналады. 2006-жылдың шілде айында «Отан» партиясының кезектен тыс сьезінде делегаттар «Асар» партиясымен бірігуді құптады. 10-қарашада Қазақастанның Азаматтық партиясы «Отан» партиясымен бірігу арқылы қайта құрылуға дауыс берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта