Отаншылдық рухтағы әндер жинағы жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отаншылдық рухтағы әндер жинағы жарыққа шықты

Отаншылдық рухтағы әндер жинағы жарыққа шықты

Кеше Алматыдағы Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 3 дискіден тұратын қазақ композиторларының отаншылдық рухтағы әндер жинағының тұсауы кесілді.

  • 28 Қаңтар 2011
  • 683
Фото - Caravan.kz


Әндер жинағы Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында жасалған. Жинақты «Қазақстанда дәстүрлі музыканы дамыту қоры» қоғамдық қоры шығарып отыр.

«Бозқараған» атты бірінші дискіде халық әндері мен халық композиторларының туған жер тақырыбындағы шығармалары топтасқан. «Менің Қазақстаным» дейтін екінші дискіде КСРО заманында шыққан патриоттық әндер жинақталса, «Тәуелсіздік жырлары» деп аталатын үшінші дискіде Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген рухты әндер қамтылған. Сонымен қатар, жинақтағы барлық әндердің мәтіндері де тыңдарманға ұсынылып отыр.