Отбасы бар актерге тұрмысқа шыққан әнші ұл босанды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отбасы бар актерге тұрмысқа шыққан әнші ұл босанды

Отбасы бар актерге тұрмысқа шыққан әнші ұл босанды

Белгілі әзілкеш актер Дәурен Айдарқұлов ұлды болды. Әлеуметтік желілерде жарияланған кейбір деректерге сенсек, бұл - оның төртінші баласы. Яғни актердің "КешYOU" тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен көңіл қосқаны белгілі болғанда, бұған дейін оның әйелі, үш баласы болғаны туралы айтылған еді.

  • 2 Маусым 2017
  • 2482
Фото - Caravan.kz

Енді, міне, Ақбота дүниеге ұл әкелді, деп хабарлайды Caravan.kz. Бұл жаңалықты Дәурен Айдарқұлов өзінің Инстаграмдағы парақшасында сүйіншілеп жеткізді. 

"Құдайға шүкір! @akbotanurabaikyzy маған ұл туып берді. Әлхамдулиллах. P.S: Біздің отбасымызды қолдағандарға рахмет!" деп жазды ол.

Ал соның алдында Ақбота Сейтмағамбет те өз парақшасында: "Бүгін тамаша күн! @arusha_handmade құрбым арнайы өз қолымен тоқыған сөмке мен бала себетін сыйға тартты. Көп рахмет! Алла қаласа…" деп жазып, сурет жариялады. Оқырмандары оған "Аман-есен босанып, аяқ-қолыңды бауырыңа ал" деген тілек айтып жатты. 

Айта кетейік,
жұлдызды жұптың бас қосқаны
туралы бұрын хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар