Жас жұбайлар әзілдерін отбасылық өмірде де жалғастырып, елдің назарын өздеріне аударамыз деп, түрлі сынға қалды.
Арсен Акиев: "Бәріңе менің көзімді берсе, бұндай жаман пікірлер жазбайтын едіңдер"
Өзінен жасы кіші жігітке үйленді деп сынға қалған Мерекені даттушылар да, қолдаушылар да көп болды.
« Әлі талай үй жинап, кір жуғызып, бала туғызып қоймаса болды», «Ер адамға пол жуғызған ұят емес пе?», «Мереке, мынаны енең көріп ұяттан жерге кіріп кетейін деп отырған шығар», «Немене, осылай да әзілдеуге бола ма? Масқара! Ұят!», – деп жазды олар.
Десе де бұл әзілді құптағандар да жетіп артылды.