Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы отбасылық психологтар Жасұлан мен жұбайы Жанна Сейтқалиевтардың желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасады. Әрқайсысы өзінің көзқарасының дұрыс екенін дәлелдеуге тырысады. Жанжалдасу барысында әрқайсысы өзі жеңгісі келеді. Әңгіме өз жақындарың болғанда, жанжалдасу соншалықты маңызды ма?
Ерлі-зайыптылардың арасындағы әдетке айналған 3 жағдайды қарастырайық:
1) Айыптау
Міндеттерді шешуден бас тарту үшін жауапкершілік бірдей басқа адамға шабуыл сізді өз жағынан шығаруға мүмкіндік бермейді және өзін-өзі айыптау әрдайым манипулляцияны жасырады, ең дұрысы мәселені проблема ретінде тану оны шешудің жолдарын бірігіп отырып табуға тырысу әлдеқайда дұрыс.
2) Басқа біреуді өзгертуге әрекет ету, тырысу
"Шіркін, сен өзгергеніңде ғой…сонда бәрі басқаша болушы еді, деп мүмкін еместі армандаймыз Адамдар өзгергісі де және өзін-өзі өзгерте де алмайды. Саусақпен санарлық адамдар ғана өздерін өзгертеді.
Әрбір адам – жеке тұлға, ол өзін өзгерткісі келген адамға қарсы әрекет (агрессия) жасайды. Адамдарды өз мәселесінен бөлуге, айыруға тырысыңыз. Бұл жағдайды аксиома ретінде қараңыз, себебі, біз бәріміз қалай бармыз, сол қалпында қаламыз және басқа жолдарын іздеңіз, осы жағдайды шешуге тырысыңыз.
3) Қысым жасауға әрекет ету және қысымға бағыну
Есіңізге сақтаңыз сіз жеңіске жетуге әрекет етіп жатырсыз, бірақ сіз жеңіліске ұшырауға міндетті емессіз.
Шабуылдап адамға емес, мәселеге (проблемаға) қарсы шығыңыз. Оны бірге жасаңыз.
Егер осы жағдайларды өз арақатынастарыңызда пайдалансаңыздар, онда сіздердің қарым-қатынастарыңыз жаңа кезеңге өтеді.