"Өте әдемі жұп, маған ұнайды": Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбектің үйленуіне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өте әдемі жұп, маған ұнайды": Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбектің үйленуіне қатысты пікір білдірді

"Өте әдемі жұп, маған ұнайды": Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбектің үйленуіне қатысты пікір білдірді

Жанар Айжанованың қызы бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлашқа бақыт тіледі.

  • 18 Шiлде 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айжұлдыз Адайбекованың желідегі оқырмандары бұрынғы күйеуінің екінші рет отбасын құрып жатқанына қатысты ойын білгісі келді. Оқырманның: “Қыран саған ұқсаған біреуді тауып алыпты” деген пікіріне Айжұлдыз: “Достар, менің аудиториям мұндай емес еді. Бұл қайдан шыққан өшпенділік? Исламда жақсы сөз бар: біреу үшін қуана білу – тақуалықтың белгісі. 99 күнә тілден. Бәрі Алланың қалауымен, керісінше бақыт тілеп, қуаныңыздар. Мен де тілекшімін”, – деп жауап берді. 

Айжұлдыз соңғы күндері ел аузында жүрген әңгімеден қашпайтынын ашық айтты.

“Мен бұл тақырыптан қашқақтайды деп ойладыңыздар ма? Жоқ, әрине. Аллахым бақ берсін. Бақытты да балалы болсын. Өте әдемі жұп, маған ұнайды”, – деп ойындағысын жасырмады ол.


Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек 2020 жылы шаңырақ көтеріп, араға көп уақыт салмай ажырасып кеткен еді. Бір жылдан кейін екі тарап келісімге келіп, татуласты. Ортақ некеден туған Назардың 1 жас тойында оған Адайбеков деп өз тегін берген болатын.

Бұған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбек пен жас актриса Гүлзада Тұрлаштың шаңырақ көтергені жайлы жазған болатынбыз. Гүлзада Тұрлаш күйеуімен таныстығы туралы жасырмай баяндап берді.