“Өтірік әншілер аз еді”: Әншілікке бет бұрған Тұрсынбек Қабатовтың жары сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Өтірік әншілер аз еді”: Әншілікке бет бұрған Тұрсынбек Қабатовтың жары сынның астында қалды

“Өтірік әншілер аз еді”: Әншілікке бет бұрған Тұрсынбек Қабатовтың жары сынның астында қалды

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әншілікке бет бұрды.

  • 20 Мамыр
  • 64
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мөлдір Мұқанова “Бүгін live” бағдарламасына берген сұхбатында бастапқыда сахнаға шығуға ұялғанын айтты.

”5 баланың анасымын. Қыздың жасы 18 емес, қыздың жасы дәл қазіргі уақытта 40-тан асты. Табиғат қой. Маған бұл кеш, ұят болады, ел не айтады деген дүниені тоқтата тұрып, өз арманыңды орындауға әрекет ету керек деп айтқым келеді. Ән айтып бастадым. Жалпы басында өзімнің тек әлеуметтік желідегі парақшама салып отыруға, ішкі жанымның қалауын осы арқылы жасап, менің орындаған дүнием елдің көңілінен шығып жатса, соның өзі маған жетеді деген оймен жүрген едім. Енді бір қызығы мені торғайлықтар шақырып, келіп өнерлеріңізді көрсетіңіздер, келіңіздер, қарсы алып, күтеміз деді. Мен бастыпқы 2-3 күн мен сахнаға шығуға дайын емеспін деп ойландым. Кішкене ұялатыным бар. Халық өзі қолпаштап, қолдап жатыр. Сол үшін алғыс білдіргім келеді”, — дейді ол.

Алайда, өнер әлеміне қадам басқан Мөлдір Мұқанованы желі қолданушылары қатаң сынауда.

”Сенсіз де өтірік әншілек аз еді, ақшаның буы ғой сенікі”, “Ит жоқта шошқа үреді деген заман қазір”, “Тұрсынбектің әйелі болмасаң ешкімде болмас едің. Бұл — ащы шындық”, “Ұялмаған әнші болады деген осы шығар”, — деп жазды олар.