Өткен 10 жылда Арал аймағына 82 млн. доллардың донорлық көмегі көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен 10 жылда Арал аймағына 82 млн. доллардың донорлық көмегі көрсетілді

Өткен 10 жылда Арал аймағына 82 млн. доллардың донорлық көмегі көрсетілді

1992-2002-жылдар аралығында Арал аймағына грант және несие түрінде 82 млн. доллардың донорлық көмегі көрсетілді. Бұл туралы бүгін, 24-қыркүйекте Алматыда өткен "Арал өңіріндегі донорлық қызметке 10 жыл" атты баяндама мен болашақ басымдық берілетін жобаларды талқылауға арналған дөңгелек үстелде жарияланды.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бұл қаржының 44 процентін жеке меншік сектор, 30 процентін екі жақты донорлар бөлген. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қаржылық институттар тарапынан бөлінген қаржы көлемі жалпы соманың 15 процентін, ал БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ тәрізді көпжақты донорлар бөлген көмек ауқымы 11 процентті құрады. Донорлық көмектен қаржыландырылған жобалар негізінен қоршаған ортаны қорғау, ауыз сумен қамтамасыз ету, кедейлікті азайту, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғамды қолдау салаларында жүзеге асырылды.

10 жылғы жұмысқа жасалған талдауға сүйенсек, Арал аймағын дамытуға бағытталған жобаларды тиімді жүзеге асыруға бірнеше себеп басты қолбайлау болды, атап айтсақ, ҚР үкіметі мен донорлар іс-қызметінің тиісті деңгейде үйлестірілмеуі , жобаларды жергілікті жерлерде қолдауға мүмкіндіктің шектеулілігі болмақ.
Қызылорда облысының әкімі Серікбай Нұрғисаевтің хабарлауынша, қазір жалпы қаржыландыру көлемі 100 млн. долларды құрайтын жаңа жобалар бойынша құжат топтамасы дайын. Бұл жобалар ауыз сумен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, ауылшаруашылығы өнімдері мен балық өнеркәсібіндегі өңдеу және сақтау жүйесін жаңалауға бағытталады. С.Нұрғисаевтің айтуынша, донорлар тарапынан қолдау таппаған жобалар республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің несиесімен қаржыландырылады.

Соңғы жаңалықтар