Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 1,1% артты
Биылғы жылдың қазан айында Қазақстандағы төменгі күнкөріс шегі 18 мың 238 теңгені құрады. |
Бұл көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 1,1% артқан, деп хабарлайды мемлекеттік статистика агенттігі.
Мамандардың айтуынша, өткен айда төменгі күнкөріс шегінің 10 мың 947 теңгесі азық-түлік тауарларының еншісінде, қалған 7295 теңге азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметке бөлінген.
Қазанда ең төменгі күнкөріс шегінің 21,6 пайызы ет пен балық, 14,5 пайызы - сүт, май өнімдері мен жұмыртқа өнімдері, 14,8 пайызы - жеміс пен көкөніс, 7,1 пайызы - нан өнімдері мен жарма өнімдері, 2 пайызы - қант, шай мен дәмдеуіштерге бөлінген.
Хабарламаға сүйенсек, өткен айда 13 жасқа дейінгі балалар үшін ең төменгі күнкөріс шегі 15 мың 815 теңге, 14-17 жастағы жасөспірімдер үшін - 22 мың 800 теңге, осы жастағы қыз балалар үшін - 17 мың 466 теңге, еңбекке қабілетті ер азаматтар үшін - 21 мың 472 теңге, әйелдер үшін - 17 мың 36 теңге, зейнеткерлер мен қарт кісілер үшін - 16 мың 925 теңгені құраған.
Қазақстан халқының саны 16,8 млн асады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін