Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 1,1% артты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 1,1% артты

Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 1,1% артты

Биылғы жылдың қазан айында Қазақстандағы төменгі күнкөріс шегі 18 мың 238 теңгені құрады.

  • 1 Қараша 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 1,1% артқан, деп хабарлайды мемлекеттік статистика агенттігі.

Мамандардың айтуынша, өткен айда төменгі күнкөріс шегінің 10 мың 947 теңгесі азық-түлік тауарларының еншісінде, қалған 7295 теңге азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметке бөлінген.
Қазанда ең төменгі күнкөріс шегінің 21,6 пайызы ет пен балық, 14,5 пайызы — сүт, май өнімдері мен жұмыртқа өнімдері, 14,8 пайызы — жеміс пен көкөніс, 7,1 пайызы — нан өнімдері мен жарма өнімдері, 2 пайызы — қант, шай мен дәмдеуіштерге бөлінген.
Хабарламаға сүйенсек, өткен айда 13 жасқа дейінгі балалар үшін ең төменгі күнкөріс шегі 15 мың 815 теңге, 14-17 жастағы жасөспірімдер үшін — 22 мың 800 теңге, осы жастағы қыз балалар үшін — 17 мың 466 теңге, еңбекке қабілетті ер азаматтар үшін — 21 мың 472 теңге, әйелдер үшін — 17 мың 36 теңге, зейнеткерлер мен қарт кісілер үшін — 16 мың 925 теңгені құраған.
Қазақстан халқының саны 16,8 млн асады.

Соңғы жаңалықтар