Өткен айда ҚР ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалы арналарын жоюға арналған бірқатар операцияларды жүзеге асырды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен айда ҚР ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалы арналарын жоюға арналған бірқатар операцияларды жүзеге асырды

Өткен айда ҚР ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалы арналарын жоюға арналған бірқатар операцияларды жүзеге асырды

АСТАНА. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Тамыз айында ҚР ҰҚК қызметкерлері есірткі тасымалы арналарын жоюға арналған бірқатар операцияларды жүзеге асырды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Тамыз 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысының «Шемонаиха» автоөткелегінде ҰҚК-нің қызметкерлері Ресей азаматы айдаған автокөлікті ұстады. Көліктің ішінде арнайы жабдықталған құпия қоймадан 38 килограмм шикі апиын табылып тәркіленді. Есірткі артынан Рубцовск қаласына жіберу үшін Бішкектен Семейге тасымалдану барысында ұсталды.

Сонымен бірге ҰҚКД-нің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында Қарағандыда Қырғызстан азаматынан 2 килограмдай апиын тауып тәркіледі. Осыдан кейінгі шұғыл -іздестіру шараларының барысында Қарағанды -Астана тас жолының бо йында ұсталған «Тойота Марк-2» автокөлігінен тағы да 20 килограмм шикі апиын табылды. Көлікті тағы да Қырғызстан азаматы айдап келе жатқан.

Павлодар облысындағы «Шарбақты» өткелегі маңында Ресейлік есірткі саудагерлеріне есірткі жеткізіп беруге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды. Заңсыз айналымнан 60 килограмм шикі апиын шығарылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта