Бұл туралы Caravan.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
Осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы болған.
Естеріңізге салсақ, Асқар Мырзахметов 2017 жылы 15 желтоқсанда ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылып, оның орнына Өмірзақ Шөкеев тағайындалды.
Ал Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі болып 2016 жылдың мамырында тағайындалған болатын.
Асқар Мырзахметов бұған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары "Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.