Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 3,93 пайызға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 3,93 пайызға көтерілді

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 3,93 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі 108,11 АҚШ долларына, немесе 3,93 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 2860,7 АҚШ долларын құраған.

  • 29 Қаңтар 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бағаның күрт өсуінің екінші аптаға созылуы көп бөлмелі қымбат пәтерлер ұсынысының, сондай-ақ бұрынғы арзан форматтағы пәтерлердің қымбаттауына байланысты болып отыр.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылғы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,7 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда баяу.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 4125 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 1955 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық жоғарлады. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 3,32 (332 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісне байланысты.

Өзгеру екпініне қатысты жасалған болжам бойынша 2007 жылдың мамыр айының басында қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 3000 АҚШ долларын құрайды.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші бір аптада 0,12 пайызға (2 АҚШ долларына) төмендеп, бір шаршы метрі 4208 АҚШ долларын құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта